9 Шілде 2019 2019, 11:07
ШҚО-да автожуу қызметкері өз бастығын тонап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі көлік жуатын орындардың бірінде жұмыс істейтін әйел өзінің бастығын тонап кетті, деп хабарлады Алтайньюс.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі көлік жуатын орындардың бірінде жұмыс істейтін әйел өзінің бастығын тонап кетті, деп хабарлады Алтайньюс.
Автожуу қызметкері жұмыс орнында бастықтың сейфінен қымбат ұялы телефон мен 80 мың теңгені қолды етті.
"Автожуу басшысы полицияға хабар бергеннен кейін оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның барысында, ұрлық жасаған 26 жастағы администратор екені анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.