Тоқаев: Басты мақсатымыз – коронавирус індеті мен оның салдарын жою

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде айтты.

Басты мақсатымыз – коронавирус індеті мен оның салдарын жою. Бұған дейін сөз алғандар жұмыстарының нәтижелері туралы айтты, - деді Президент.

Мемлекет басшысы негізгі міндеттер мен жіберілген қателерді түзету үшін атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Біріншіден, экономикалық белсенділікті қолдау. Пандемия мен карантин шектеулері, сауда қатынастарының бұзылуы елдегі іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізді. Көптеген ірі кәсіпорынның көрсеткіші төмендеді. Әсіресе, шағын және орта бизнес қатты зардап шегуде. Былтыр дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылданды. Оның ауқымы аса зор болғаны және жедел жүзеге асырылғанын баршаңызға белгілі. Бизнестің сұранысына ие болып отырған маңызды шаралар осы жылдың соңына дейін ұзартылды. Шағын және орта бизнес халықтың 1/3-іне жұмыс тауып беріп отыр. Бір сөзбен айтқанда, оның ахуалы қандай болса, халықтың жағдайы сондай. Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс, - деп атап өтті Тоқаев.

Президент Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бір айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы