Басты мақсат – қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайту
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әрбір басымдық берілетін бағыт әлеуметтік-экономикалық маңызға ие, деді ҚР Кәсіподақтар Федерациясы «Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы» төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламентінің VII шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында жаңа саяси бастамалар көтерді. Атап өткен барлық 7 бағыт қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды көздеген. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында елдің одан әрі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы
бойынша жаңа перспективалық міндеттер қойылды. Мәжіліске саяси партиялар үшін өту шегін 7%-дан 5%-ға дейін төмендету және сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсымын» бағанын енгізу қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыруға және саяси мәдениетті дамытуға ықпал етеді деп ойлаймын, - деді Татьяна Шатохина.
Сонымен қатар көп шешімнің адами капиталдың сапасын арттыруға, жастар саясатына, білім беру мен денсаулық сақтауға, қоғамдық бақылауды арттыруға және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталғаны көңіл қуантатынын жеткізді.
Өткен 2020 жыл бәрімізге волонтерлік жұмыстың маңыздылығын көрсетті, сондықтан волонтерлік жұмыс туралы Заңның қабылдануы өзекті мәселелердің бірі. Жұмыс күшінің өнімділігі төмен секторлардан экономиканың неғұрлым өнімді секторларына ауысуын ынталандыру тұрақты түрде қайта оқытумен және қызметкерлердің қазіргі заманға сай дағдыларды меңгеруімен сүйемелденуі тиіс, - деді ол.Сарапшының айтуынша, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін кәсіподақ ұйымдары құқықтық сауаттылықты арттыру және кәсіби даму мақсатында жыл сайын жоғары оқу орындарымен, халықаралық ұйымдармен және оқу орталықтарымен бірлесе отырып, кәсіподақ мүшелері мен әлеуметтік әріптестер үшін онлайн және оффлайн оқыту семинарларын ұйымдастыратын болады.
Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Әділеттілік пен дамуға бірлікте атсалысайық, - деп қорытындылады Татьяна Шатохина.
Раушан Арманқызы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
Өзгелердің жаңалығы