18 Тамыз 2026, 11:07 Фото: видеодан алынған кадр

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірі анықталды

Басты дебат ертең, 18 тамызда сағат 20:00-де өтеді.

Бүгін «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде өткен жеребе тарту рәсімінде партиялардың алдағы Басты дебаттағы сөз сөйлеу және қатысу реті белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша партиялар келесі реттік нөмірлерді иеленді:

  1. «Respublica» партиясы;
  2. «Байтақ» жасылдар партиясы;
  3. «Ақ жол» демократиялық партиясы;
  4. «Әділет» партиясы;
  5. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП);
  7. Қазақстан Халық партиясы (ҚХП).

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Басты дебат ертең, 18 тамызда сағат 20:00-де өтеді.

Көрермендер пікірсайысты «24KZ» телеарнасының эфирінен, сондай-ақ арнаның ресми YouTube, Instagram, Facebook және TikTok желілеріндегі парақшалары арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

Дебат барысында партия өкілдері елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұстанымдарын таныстырып, өз бағдарламаларындағы негізгі басымдықтарды ұсынады деп күтілуде.