Бастауыш сыныпқа жедел жәрдем шақыру тәсілдері үйретіледі

Бастауыш сыныпта оқитын балаларға инсульт белгілерін тану мен жедел жәрдем шақыру үйретіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы таратқан мәліметке сүйенсек, FAST суперқаһармандары" жобасы еліміздің мұғалімдер қауымына түсіндірілді.

Жобаның білім беру бағдарламасын бойынша әлемнің 20-дан астам елінде өткізілетін халықаралық науқан және 2 жыл ішінде 250 мыңға жуық бала оқудан өтті. Бағдарламаны Македония университетінің білім беру және әлеуметтік саясат факультетімен бірге Angels Initiative әзірлеп, Дүниежүзілік инсульт ұйымдары мақұлдаған. 

Мақсаты – 5-9 жастағы балаларды инсульт белгілерімен таныстыру, бағдарламаға инсульт белгілері туралы білетін, ҚР Жедел медициналық жәрдемінің 103 нөміріне қоңырау шалып, ата-әжелер мен туыстардың өмірін сақтауға көмектесетін мұғалімдер мен балаларды тарту. Себебі балалар отбасында жаңа білімнің қайнар көзі болып табылады және ата-әжелерімен көп уақыт өткізеді. Мақсаты – көптеген балаларды ауру белгілерін білуге, нөмірді жаттап алуға және ересектерге айту үшін жобаға тарту. 

Айта кетерлігі, инсульт өлімнің екінші негізгі себебі және әлемдегі халық арасында мүгедектіктің үшінші негізгі себебі болып табылады. Инсультпен ауыратын науқастардың көпшілігі ауруханаға кеш түсуіне байланысты уақтылы ем ала алмайды. Инсульт егде жастағы (инсультпен ауыратын адамның орташа жасы 70 жас) адамдарға әсер етеді. 

Инсульт тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде аурушаңдық, өлім-жітім және мүгедектіктің көп болуынан жетекші орын алады. Тәжірибе көрсеткендей, инсульттан аман қалғандардың тек 8-12 пайызы ғана еңбек қызметіне оралады. Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде инсультпен аурушаңдық 1000 адамға шаққанда 2,5 – 3,5 жағдайды құрайды, өлім-жітім жылына 1000 адамға шаққанда 0,7-ден 1,8 жағдайға дейін құрайды. Қазақстанда 2021-2022 жылдары ҚР бойынша инсульт қызметі командасының күш-жігерінің арқасында 5 пилоттық мектеп пен 5000-нан астам бала қатысты. Қазір 2023 жылы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының командасы Қазақстанның барлық өңірлерінде "FAST Heroes" бағдарламасын іске қосады, - деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының м. а. Жанар Қалмақова. 

Сондай-ақ ол инсульт көбінесе адамның өмірін «дейін» және «кейін» деп екіге бөлетінін түсіндірді. Науқасқа неғұрлым ертерек көмек көрсетілсе, адамның өмірін сақтап қалу және оны мүгедектіктен сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бұл білім беру бастамасының үлкен миссиясы да көбінесе аталары мен әжелерінің қасында болатын балаларды қиын жағдайларда дұрыс әрекет етуге және уақытында көмекке шақыруға үйрету болып саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы