Бастауыш сынып оқушылары арасында математикадан жарыс өтеді

8 желтоқсанда Астана, Алматы, Орал, Шымкент, Павлодар қалаларында математикадан FEMO International олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1-5 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру және елдегі олимпиада қозғалысын дамыту. Аталған білім бәсекесіне әлемнің кез келген елінің балалары қатыса алады.

Алғашқы FEMO олимпиадасы (Fizmat Elementary Math Olympiad) 2018 жылы өтті.

2019 жылы Олимпиада халықаралық мәртебеге ие болып, оған 19 елдің оқушылары қатысты.

5 жыл ішінде FEMO олимпиадасында 1-5-сынып аралығындағы 15 000 оқушы бақ сынады. Әлем бойынша 38 қала қамтылды.

Географиясы: Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Германия, Польша, Франция, Индонезия, Армения және Кипр.

Қатысушылардың жыл бойынша динамикасы:

• 2018-2019 жылдары: 1005 қатысушы;

• 2019-2020 жылдары: 1521 қатысушы;

• 2020-2021 жылдары: 2123 қатысушы;

• 2021-2022 жылдары: 2997 қатысушы;

• 2022-2023 жылдары: 3840 қатысушы;

• 2023-2024 жылдары: 4500 қатысушы.

Ұйымдастырушылары:

- Fizmat Academy;

- Республикалық физика-математика мектебі.

Олимпиада кезеңдері:

1. Қысқы тур;

2. Көктемгі тур;

3. Халықаралық тур (алдыңғы кезеңдердің жеңімпаздары үшін).

Жарыс онлайн және офлайн форматтарда өтеді.

Қатысушы өңірінде оффлайн-нүкте болмаған жағдайда олимпиадаға онлайн режимде қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

  • 1-2 сыныптар: сағат 12:00-де басталады (10 тапсырма, 60 минут)
  • 3-5 сыныптар: сағат 14.00-де басталады (15 тапсырма, 90 минут)

2024 жылы VI Халықаралық тур Өзбекстанның Ташкент қаласында өтті.

2025 жылы халықаралық турнирдің қорытынды кезеңі Баку қаласында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы