«Бастау Бизнес»: Қызылорда облысында 5 жылда 6 мыңнан астам адам кәсіп ашты
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында «Бизнес Бастау» жобасы аясында 6 мыңнан астам адам қаржы алып, кәсібін бастады. Биыл өңірде осы жоба бойынша 2500-ден астам адамды оқыту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 1187 азамат білім алғандығы жөнінде сертификат алды. Аймақтағы Кәсіпкерлер палатасының атқарып жатқан жұмыстары және кәсіпкерлердің құқықтарының қорғаулы жөнінде облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовпен сұхбаттасқан болатынбыз.
- Ғалымбек Жақсылықұлы, аймақта жыл басынан бері қанша адам мемлекеттік бағдарлама арқылы білім алды? Әлі қанша адамды оқыту жоспарланып отыр?
- Кәсіп бастаушыларды қолдауға арналған «Бастау Бизнес» жобасы 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде Қызылорда облысында жоба арқылы 8958 азамат білім алды. 6000-нан астамы жoбa aяcындa қaржы aлып, өз iстepiн бaстады.
Жaлпы Қызылордa облыcы бoйыншa биыл жoбa aяcында 2500 aдaмды oқытy жocпарланып oтыр. Oқыту жұмыcтары ocы жылдың қaзан айынa дeйін 6 лeк бoйыншa жүргiзiледі. Бүгiнгі күнi 2 лeк oқуы aяқталды. Нәтижeсінде 1187 aзамат «Бacтау Бизнeс» жобacының сepтификатына қoл жeткіздi. Қазір 3 – лек оқу жүргізіп жатыр.
- Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің «арқасүйері» екені белгілі. Осы тұрғыда аймақтағы кәсіпкерлердің құқықтары қалай қорғалуда?
- Биыл маусым айына дейін облыс бойынша Палатаның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілерімен кәсіп ашуға ниетті азаматтар мен кәсіпкерлерге 4 мыңға жуық қызмет көрсетілді. Бұл қызметтер кәсіпкерлерді сүйемелдеу, оларға мемлекеттік бағдарламаны жіті түсіндіру, бизнес жоспар жасауға көмек көрсету, мемлекеттік сатып алу ісіне қатысу, есеп қисап жүргізуге және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
Кәсіпкерлер палатасы қызметінің басты бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады. Осы тұрғыда кәсіпкерлерден Палата тарапына бизнесті қорғау бағытында көптеген өтініштер түсуде. Өтініштерді талдау кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы осал салаларды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалардың кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік беріп отыр.
Палатаға өткен жылы және биылғы жылдың 5 айында кәсіпкерлікті қорғау бағытында 349 өтініш келіп түскен. Палата сарапшыларының мәліметінше, тіркелген өтініштердің 39 пайызы оң шешімін тапты. Сонымен қатар өтініштерді қарау барысында кәсіпкерлердің 3,2 миллиард теңгеден аса қаражаты сақталып, өз пайдаларына шешілді.
Осы орайда aйтa кeтy кeрeк, кәciпкерлердiң құкығын қopғауда өңiрдегі прокуратураның үлесі зор. Бизнec өкiлдерінің өзектi мәceлелеріндe пpoкуратура Кәciпкерлер пaлатасының сeнімді серiктесіне aйналды. Бүгiнде қoc тaрап әрiптеcтік негiзде тиімдi жұмыc жүргiзiп келeдi. Бiр ғанa мыcaл, бiрге жacалған жұмыcтың нәтижeсiнде биыл Қaзaлы aуданаpaлық aурухaнасы фapмацевтикалық компaниялapдың 87,4 миллион тeңге қaрызын төлeп бeрдi.
- Облыста кәсіпкерлік саласын несиелендіру қарқыны қалай?
- 2019 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы 3,9 миллиард теңгеге 139 жобаға несие берілсе, 2020 жылы 239 жоба бойынша 7,3 миллиард теңгеге несие берілген немесе 87 пайызға өскен.
- Өңірде шағын индустриалды аймақтар ашу мәселесі қалай болып жатыр?
- Бізде жүргізілген зерттеулер жергілікті тауар өндірушілердің арасында шағын индустриалды аймақ құруға болатын 3 әлеуетті саланы анықтады. Бұл ішкі нарықта сұранысқа ие тігін, тамақ өнімдері мен жиһаз өндірісі. Өнімнің осы түрлерін өндіруге қатысатын біздің өңіріміздегі кәсіпкерлер жеткілікті тәжірибе жинақтады.
Алғашқы уақытта шағын индустриалды аймақты кластерлік негізде тігін өндірісі бойынша құруға болады. Облыста қазір 56 тігін цехтары жұмыс жасауда. Қазір бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз.
- Қазіргі таңда халық көп шоғырланатын аумақтарда «жабайы» сауда орындары көбейді. Бұл туралы не айтасыз?
- Аймақта стационарлық емес сауда орындарына талдау жүргізілуде. Бүгінде Қызылорда қаласында мұндай 7 орын бекітілген. Бұл облыс орталығына жеткіліксіз. Оған қоса бөлінген жерлер қолайсыз, шет аймақтарда орналасқан.
Біздегі көзқарас бойынша стационарлық емес сауда орындары тек ауыл шаруашылығы басқармасы мен бөлімдердің мәселесі секілді. Мұндай орындар тек ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері үшін қажет сынды. Осының салдарынан кәсіпкерлер «Кофе на колесах» сияқты кәсіпкерлікке бағытталған көліктерді пайдалана алмай отыр. Полиция қызметкерлері «айыппұл саламыз» деп қорқытуда. Есесіне адамдар көп шоғырланатын жерлерді «жабайы» сауда орындары көбеюде. Орталық алаң, «Сыр ана», «Ақмешіт Сырдария» орталық мешіті, «Шұғыла» мөлтек ауданы, қалалық парк аумақтарын стационарлық емес сауда орындарының қатарына қосу арқылы олардың санын ұлғайту қажет. Сонымен қатар саяжай тұрғындарының өз бақшасындағы өнімдерін сатуға жағдай жасалуы қажет. Сондай-ақ облыс орталығында аудандардың ауыл шарауашылығы өнімдерін қысы-жазы сататын орындары болу керек. Азық-түлік бағаларының ушығып тұрған уақытында бұл мәселе – өзекті. Бұл мәселені біз мәслихаты депутаттары мен жергілікті атқарушы органның алдында көтердік. Алдағы уақытта шешімін табады деп сенеміз.
- Аймақта мал шаруашылығы дамып келеді. Алайда биыл Сыр өңірінде де мал шығыны көп болды. Алдағы уақытта қандай әрекет ету қажет. Сіздің пікіріңіз қандай?
- Мемлекеттік қолдаудың арқасында, облыс бойынша 2021 жылдың 1 маусымына 379,6 мың бас ірі қара, 693,4 мың бас қой мен ешкі, 177,6 мың бас жылқы, 58,9 мың бас түйе және 120,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара 3,9 процент, қой мен ешкі 13,0 процент, жылқы 10,4 процент, түйе 7,1 процент, құс 6,1 процент көбейген.
Жыл сайын мал басының өсуіне сәйкес, мал азықтық дақылдар мен жем-шөпке деген сұраныс артуда. Дегенмен, үстіміздегі жылдың ауа-райының қолайсыздығынан және қыста қар, көктемде жауын-шашын аз болуы салдарынан былтырғы дайындалған мал азығы көлемі жеткіліксіз болып, өңіріміздің солтүстік аймағында орналасқан Арал ауданында жануарлардың өлімі фактілері бәрімізге белгілі болды.
Арал аудандық ауыл шаруашылығы мамандары жүргізген есеп бойынша 167 бас ірі қара, 324 жылқы, бір түйе шығын болған.
Сонымен қатар, су тапшылығы проблемасы жылдан жылға күрделене түсіп, биыл ағын су тапшылығы өңірдегі бірнеше ауданда байқалып отыр. Сырдария өзеніндегі су деңгейі де жылдағыдан 30 процент кеміген. Мамандар оны Тоқтоғұл қоймасындағы судың азаюымен байланыстырады.
Облыста 2021 жылдың сәуір айындағы орташа ылғалдылық 17 процент құрап, барлығы 12 мм жауын-шашын, мамыр айында ылғалдық 11 процент, 2,2 мм жауын-шашын, маусым айының жартысында 12 процент құрап, 0,7 мм жауын-шашын түскен болатын.
Елді мекендерде тұрғындармен және шаруа қожалығы басшыларымен кездесу барысында олар мал азығы жиі қымбаттауы және жетіспеушілігі мал басын одан әрі көбейтуде кедергі болып отырғанын айтуда. Ал мал азығының қымбаттауы мен жетіспеушілігі ет бағасының тұрақсыздығына алып келетіні бәрімізге мәлім. Ет – Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірі болып табылады.
«Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының міндеттерінің бірі жеке кәсіпкерліктің дамуына барынша қолайлы жағдай тудыру, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылатыны бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, корпорация өңірдегі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға да тікелей қатысады.
Бұл ретте, мемлекеттік бағдарлама арқылы бөлінген қаржыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жасақталып, олардың нарықтағы бағаларының тұрақтандырылуына өз үлесін қосып келеді. Корпорацияның мәліметіне сәйкес, бұл жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында «Алтын Қамба» ЖШС-ның базасында тиісті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген сыйымдылығы 5250 тонна құрайтын сақтау қоймасы бар, облыс орталығында 29 әлеуметтік-сауда дүкендері жұмыс істеп тұр және арзан бағада халыққа таратылуда.
Бүгінгі күні жемге арналған бидайдың жергілікті бағасы келісіне 120-140 теңге, ал бидай кебегі 65 теңгеге дейін көтерілді. Ал осы бидайды күзгі уақытта басқа облыстардан 70 тг/кг дейін баға көлемінде сатып алуға болады. Яғни, корпорация жүргізіп отырған жоғарыда аталған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер сияқты кез-келген жем-шөпті де арзан кезінде сатып алып, қыс мезгілінде шаруашылықтарға арзандатылған бағамен үлестіріп, ет бағасының тұрақты қалыптасуына ықпал жасау қажет деп есептейміз. Ол кезде малдың қырылуының алдын алуға болады.
«Байқоңыр» ӘКК тарапынан мал азықтары арзан мезгілде сатып алып, қыста жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерге оңтайлы бағада үлестіру жұмыстарын жүргізуді ұсынамын. Бұл кәсіпкерлердің мал шаруашылығына инвестиция салып, ұзақ мерзімге шаруашылықтарын жоспарлауға мүмкіндік беріп, мемлекеттік бағдарламаларға деген шаруашылықтардың соңғы наразылықтардың азаюына ықпал етеді деп санаймын.
- Кәсіпкерлік нысандарға арналған жерді бөлу тетігін қалай жетілдіреміз?
- 2019 жылғы 26 сәуірде Үкіметтің қаулысымен елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі немесе Қолжетімді игіліктерге қадамдап жету бағдарламасы бекітілді. Осы қаулыда қала мен ауылдарда тұрғындардың санына байланысты монша, шаштараз, дүкен, балабақша, емхана, дәріхана, тіс емдеу клиникасы, спорт алаңдары, СТО, нотариус, оқу орталығы, пошта сияқты халыққа қызмет көрсететін нысандардың ең төменгі міндетті деңгейін қамтамасыз ету бекітілген. Дегенмен, қазіргі таңда бұл қаулыдағы талаптар толық орындалып жатқан жоқ. Өткен жылы карантин уақытында Қызылорда қаласының кейбір аудандарында дүкен немесе басқа да әлеуметтік нысандардың жоқ екені белгілі болды. Енді осы олқылықты жою қажет.
Бүгінгі күні кәсіпкерлер жер учаскесін алу үшін бос жер учаскелерін өздері анықтап, өтінім беріп, аукционға қатысып, жеңімпаз болып танылса, қажетті кәсіпкерлік нысанды салады. Алайда бұл жоспарсыз жүргізілуде. Кішкентай аумақта бірнеше дүкен, сұлулық салоны салынып, көп жағдайда бұл халықтың сұранысына сай келмейді. Мұндай жағдайда тұрғындарға ең қажетті кәсіпкерлік нысандар ескерілмей қалады. Соның салдарынан ашылған бизнестер табыссыз болып, жабылады.
Енді осы олқылықтың алдын алып, жерді бөлу тетіктерін жетілдіру үшін ең алдымен қала, кент, ауыл әкімдері облыстық, қалалық, аудандық депутаттардың ұсынысымен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сұранысты анықтап, қажетті қызмет көрсету нысандарын тұрғызу үшін жер учаскелерін аукцион арқылы кәсіпкерлерге ұсыну қажет. Сұранысты қосымша әкімдік реттеп, ұсыну қажет. Сондай-ақ қаржы институттары арқылы бұл жобаларды қаржыландыруға басымдық берілу керек.
- Аймақта қанша кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасына көшті?
- «Ashyq» жобасы арқылы жұмысын жүргізуге ниетті кәсіпкерлер қатары артып келеді. Облыс көлемінде 249 нысан QR код алып, жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 113 қоғамдық тамақтану орны, 18 компьютерлік клуб, 10 лото клуб, 5 монша, 3 фитнес орталық, 5 қонақ үй, 3 бассейн, 2 спа орталық, 2 кинотеатр, 3 бильярд, 2 мәдени нысан, 2 балалар ойын сауық орталығы, 1 боулинг, 1 спорт кешені, «Қорқыт ата» әуежайы мен Қызылорда теміржол вокзалы және 77 ерікті қатысушылар жобада бар. Бұл жоба әр кәсіпкер мен тұтынушыларға жауапкершілік жүктейді. Біз сол жауапкершілікті мойынға ала білуіміз қажет.
- Сұхбатыңызға рақмет!