Бүгіннен бастап Қазақстан-Түркия рейстері қысқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шет мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Осыған байланысты елімізде жаңа шектеулер енгізілді.
Бүгін, 5 қазаннан бастап Түркияға әуесапарлар саны қысқартылады. Сондай-ақ, өзге елдерге де жаңа рейстер қосылмайды. Коронавирустың таралуы бойынша екінші санаттағы елдерден келетін жолушылардың қолында тест қортындысы болуы тиіс. Анықтаманың жарамдылығы небәрі 3 күн.
Егер мерзімі өтіп кеткен болса, жолаушы 2 күнге оқшауланады. Стационарда қажетті сынама тапсырады. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда инфекциялық ауруханаға жатқызылады. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдер мен Өзбекстаннан көлікпен келетін жолаушыларға да осындай талап қойлады. Олар шекарадағы бақылау-өткізу пункттерінде тексеріледі.
Естеріңізде болса, ҚР Денсаулық сақтау министрі шетелдерге ұшатын рейстер санын қысқартуды өтінген болатын.