Бүгіннен бастап Елордада қала маңы автобустары тоқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шектеу шаралары карантин аяқталғанға дейін сақталады. Бұл туралы қала әкімінің ресми сайты хабарлады.
ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап бірқатар қосымша қатаң шаралар бекітілді. Олардың бірі - қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу.
Атап айтсақ, келесі бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады: - №103 және 104 экспресс бағдарлары; - №302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326 қала маңына қатынайтын бағдарлар (Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин және Нұрлы ауылдары).
Еске сала кетейік, осыған дейін №№ 300, 301, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 , 318 қала маңына қатынайтын бағдарлардың және №100, 101, 102, 105 экспресс бағдарлардың қозғалысы тоқтатылған болатын. Шектеу шаралары карантин аяқталғанға дейін сақталады.