Басшылық қызметте әйелдер көбейіп келеді – Жандос Нұрмағанбетов

Kazenergy ассоциациясының бас директоры Жандос Нұрмағанбетов XVI Еуразиялық Kazenergy форумы аясында энергетикадағы әйелдердің рөлі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Энергетика секторындағы тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы – кәсіби дағдылар, білім және адами капитал. Бұл үдерістегі әйелдердің рөлі барған сайын артып келеді. Олардың жауапкершілігі, табандылығы, бастаманы нәтижеге жеткізуге ұмтылысы және командалық жұмысқа бейімділігі бүгінде ерекше сұранысқа ие, – деді спикер.

Оның сөзінше, қазір әйелдер барған сайын басшылық қызметтерге көбірек тағайындалып, бұрын “ерлер мамандығы” саналған салаларды игеріп жатыр.

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Спикер бұл ауқымды трансформациялық жолды инженер, зерттеуші, менеджер және көшбасшы әйелдердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екенін атады.

Әйелдердің жаңартылатын энергияны дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және энергия тиімділігін арттыруға қосқан үлесі – саланың орнықты дамуының маңызды бөлігі, – деді Жандос Нұрмағанбетов.

Айта кетейік, “Qazqontent” АҚ – Kazakhstan Energy Week – 2025-тің бас ақпараттық серіктесі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы