Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы