Баспасөз картасын енгізбес бұрын шетелдік тәжірибені зерттеуіміз керек - Мұхамеджанова
Бұл туралы белгілі журналист, медиаменеджер Нұржан Мұхамеджанова мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
«Масс-медиа» туралы заң - қоғам дамуының жауапты кезеңінде талқыланып жатыр. Біз дәстүрлі медиа мен әлеуметтік желілер және басқа да алуан түрлі медианың дамып жатқан кезінде жақсылап, зерттеп зерделеп алғанымыз дұрыс. Бізде жас журналис болдық, сол кезде баспасөз картасының бар екенін, оның кәсіби құқық беретінін жиі талқылайтынбыз, - деді ол.
Мұхамеджанованың айтуынша, баспасөз картасын енгізбес бұрын шетелдік тәжірибеге сүйену керек.
Бұл мүмкіндікті енді Ақпарат министрлігі беріп отырғанда біз баспасөз картасын енгізу кедергі болады ойламаймыз. Сол себепті министрлік пен қауымдастық бірге дұрыс сараптама жасай білгені жөн. Қазіргі таңда министрлікке батыс пен еуропалық тәжірибені жан-жақты зерттеу қажет. Біз тек содан кейін баспасөз картасын енгізіп, кәсіби әрі қажетті құжат жасай аламыз, - деді Нұржан Жалауқызы.
Бұған дейін Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев баспасөз картасын енгізудің қандай артықшылығы бар екенін айтқан болатын.