"Баспанасыз қала жаздады": Жетім балалар заңсыз кезектен шығарылған
Қызылорда облысында жетім балаларды тұрғын үймен қамту құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қызылорда облысында жетім балаларды тұрғын үймен қамту құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қармақшы ауданы прокуратурасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқығын тексеру мақсатында талдау жүргізді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлердің кемінде 20 пайызы осы балаларға берілуі тиіс.
Алайда, жергілікті атқарушы органдар кейбір балалардың тұрғын үй алу мүмкіндігін шектеп, заңсыз әрекеттерге жол берген.
Тексеріс жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдар аталған тұлғалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мүмкіндігін бұзған. Тек прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана олардың құқықтары қалпына келтіріліп, заңсыз тұрғын үй кезегінен шығып қалған азаматша қайта кезекке қойылды және кезектегі 3 жетім балалардың көптен күткен баспаналарына қол жеткізілуі қамтамасыз етілді. - деп хабарлады Қызылорда облысының прокуратурасы.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысы Макинск қаласында екі ағайынды бала жетім ретінде тұрғын үй алуға құқығы бола тұра, 13 жыл бойы кезектен тыс қалғанын жазған болатынбыз.
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026
- Тауда адасқан туристерге арналған авариялық қор жәшіктері орнатылуда 15.08.2026