Баспана жыры. Мәжіліс тұрғын үйге қатысты заңды мақұлдады

Мәжілісте тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатымен әзірленген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов тұрғын үй реформасына қатысты заң жобасына қосымша баяндама жасады.

Заң жобасы тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді. Заң жобасында жекелеген санаттардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға «бірінші кезектегі құқықын» алып тастау ұсынылып отыр. Бұл – халықтың әлеуметтік осал топтарының 4 санатының құқығына қатысты, - деді депутат.

Оның сөзінше, депутаттар жұмыс тобында «бірінші кезектегі құқық» бойынша тізімді сақтап, халықтың әлеуметтік осал топтарының санатын төрттен – алтыға дейін кеңейтті.

Сонымен қатар заң жобасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді «меншікке өтеусіз алуға» қолданыстағы құқықты алып тастауды ұсынады. Бүгінгі таңда мұндай құқыққа 11 санат ие. Жұмыс тобында депутаттар 11 санаттағы «өтеусіз жекешелендіру» бойынша қолданыстағы құқықты сақтап қалды, - деп түсіндірді Ұлықбек Тұмашинов.

Оған қоса, Мәжіліс депутаты заң жобасында әкімдіктердің жаңа функциясы енгізілгенін атап өтті. Ол - бір жыл ішінде әскери қызметті атқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы.

Үкіметтік заң жобасы аясында Отбасы банкі ұлттық институты ретінде, азматтарды есепке қою мен тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі функциялары енгізілген. Сондай-ақ «Тұрғын үймен қамтамыз ету орталығы» электрондық базасын құру көзделген. Депутаттар жергілікті әкімдіктерде азаматтарды есепке қою туралы мониторинг жүргізу құқығын бекітті, - деп айтты ол Мәжілісте.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов Мәжіліс
Өзгелердің жаңалығы