Баспана мәселесі: Көпбалалы отбасылар үшін тағы бір жаңа бағдарлама іске қосылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Отбасы банк» жаңа бағдарламалар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін премьер-министрдің қатысуымен иевесторлар форумы өтті. Онда «Отбасы банкі» төрағасы Ләззат Ибрагимова келісімге қол қойды. Оған 70 млрд доллар тартылады. Сол арқылы жаңа бағдарламалар енгізіледі. Ол кісі жеке маған келіп айтты. III топтағы мүгедектер болсын, көпбалалы ана болсын,жалғызбасты аналар болсын, оларға жаңа бағдарламалар жүзеге асырылады. Сондықтан оларды күтеміз, - деді министр журналистермен кездесуінде.
Жақыпова қазіргі таңда елімізде 70 мыңнан астам мүгедектігі бар адамның баспанасы жоқ екенін айтты.
Еске сала кетейік, осыған дейін Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдар саны қай өңірде көп екенін айтты. Сондай ақ ол әлеуметтік қызмет сала қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарынан өтетіні туралы да айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенатта ерекше қажеттілігі бар адамдарға сапалы білімнің қолжетімділігі туралы мәселелер талқыланды
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы