Баспана бағасы қашан төмендейді? Дәулет Мұқаев кеңес берді
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев тұрғын үйді сатып алуға ең қолайлы кезең туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, баспана алуды жоспарлаған азаматтар үшін ақпан мен наурыз айлары ең тиімді уақыт саналады.
Депутаттың сөзінше, бұл кезеңде жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс төмен болады. Осы себепті баға да салыстырмалы түрде тұрақты сақталады.
Ақша бар кезде үй ала берген дұрыс. Әдетте ақпан-наурыз айлары – сұраныс азаятын кезең. Осы уақытта сатып алу тиімді, – деді ол.
Ал жаз айларында, күзде, жылдың соңындағы қыс мезгілінде және көктемнің ортасына қарай тұрғын үйге деген сұраныс арта түседі. Сұраныс көбейген сайын, баға да қымбаттайтынын депутат атап өтті.
Осыған байланысты Дәулет Мұқаев үй алуды жоспарлаған азаматтарға нарықтағы сұраныс төмен кезеңді тиімді пайдалануға кеңес берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ирандағы наразылықта 2500-ден астам адам қаза тапты – БАҚ
Өзгелердің жаңалығы