Баспана бағасы өсе ме

Бұл сұраққа Сенат кулуарында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер алдағы уақытта "Пәтер бағасының өсуі күтіле ме? Өйткені біз құрылыс материалдарының негізгі бөлігі шетелден импортталатынын білеміз" деп сауал жолдады.

Тұрғын үй нысандарының құрылысына қажет материалдардың негізгі бөлігі отандық тауар өндірушілерден алынады. Жақында министрлік "Отбасы банкпен" бірге нарықтағы баспана құнына қатысты талдау жүргізді. Бүгінгі таңда тұрғын үй бағасының өсімі байқалмайды, - деді Қуандық Қажкенов.

"Болашақта ше? Болжам бар ма?" деп сұрақты нақыталады.

Оны қарау керек. Құрылыстағы баға белгілеуге байланысты болады. Болжам айту өте қиын. Нарықтық көрсеткіштер сұраныс пен ұсынысқа да байланысты, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы