Баспана арзандай ма? Ибрагимова жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Меніңше, тұрғын үйдің қымбаттауына 4 фактор әсер етеді. Біріншісі – жалпы инфляция. 20 жыл бойы баға өсімі болмаған АҚШ, Германия, Канада және Батыс Еуропа елдерінде пандемиядан кейінгі 2 жылда тұрғын үй мен жылжымайтын мүліктің бағасы қымбаттады. Халықтың демографиялық құрылымы да өте маңызды. Былтыр бізде 450 мың бала дүниеге келді. Бұл қазақстандықтар елдің болашағына сенеді деген сөз. Олар үйлерін кеңейткісі немесе әке-шешеснен бөлек шыққысы келеді, - деді ол.
Ибрагимова атағандай, әлем елдері пандемиядан кейін баспанаға басқаша қарай бастады.
Ол жұмыс орны мен қашықтан жұмыс істеу нысанына айналды. Сондықтан да баспана қымбаттады. Ал былтыр тағы бағаның өсіміне әсер еткен жағдай ол – зейнетақы төлемдерін пайдалану. Сәуір айында зейнетақы бойынша көрсеткіш 20 пайызға төмендеді. Сарапшы ретінде жаһандық тұрғыда баспана қымбаттамайды. Қазақстан өзге нарықтардан дербес түрде баспананың бағасын төмендете алмайды, - деді Ибрагимов.