22 Қаңтар 2024 2024, 11:32 Фото: - архив

Башқұртстан басшысы мен ел делегациясы Қазақстанға келмек

Мұны ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұны ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылғы 23-24 қаңтарда Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың Астанаға сапары өтеді. Сапар аясында башқұрт делегациясы Қазақстан-Башқұртстан бизнес форумына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс тобының отырысына қатысады, - деді ресми өкіл.