Башар Асад Сириядан кетті
Сирия президенті Башар Асад сириялық шиеленістің қатысушыларымен келіссөзден соң билікті бейбіт түрде беріп, елден кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА-Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Келіссөздер нәтижесінде Башар Асад ел аумағындағы қарулы шиеленістен соң президенттік тақты қалдырып, билікті бейбіт жолмен беріп, елінен кету туралы шешім қабылдады. Ресей бұл келіссөзге қатысқан жоқ, - делінген Ресейдің сыртқы саяси ведомствосы таратқан хабарламада.
Бұған дейін Сирияның әскерлері мемлекеттік телеарнаны басып алған соң эфирге шығып, олар елді бақылауға алғанын мәлімдеген. Сирияның премьер-министрі Мұхаммед Гази әл-Жалали бірнеше министрмен бірге елде қалатынын, президент пен қорғаныс министрінің қайда екендіктерін білмейтіндерін айтқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері анықталды
Келесі жаңалық
Атырауда 1,8 млн дана балық шабағы құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы