Бәсекелестікті күшейтуге айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. Сенат төрағасы әкімдерді сайлау туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әкімдерді сайлау туралы заң жобасындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

Қабылданған заңдар аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей халықтың дауыс беруімен сайлануын бекітіп, сайлау процесінің тәртібін айқындайды. Сондай-ақ саяси партиялардың Мәжіліс пен мәслихаттарға өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Мұнымен қоса, дауыс беру бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген баған қосылады. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиға. Мемлекет басшысының осы бастамасы еліміздің саяси жүйесін одан әрі дамытуға және саяси бәсекелестікті күшейтуге айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз,- деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды.

Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады. Яғни, 800 жуық елді-мекенді қамтитын жергілікті сайлау науқаны өтеді. Ұлттық эконмика министрі Әсет Ерғалиев биылғы жылдың II жартыжылдығында тікелей сайлауды енгізуге – 4,8 млрд теңге (жалпы 2021-2025 жылдарға - 17,6 млрд теңге) қажет болады деп айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы