«Бас синоптик ретінде айтарым – жуырда көктем!» Қарағанды әкімінің көңілді жазбасы

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов аязды күні қала тұрғындарын жылытқыш қосып, электр желісіне артық қысым түсірмеуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

 

Жақында тұрғындар өз пікірлерінде мені бас синоптик деп атады, - деп жазды әкім күліп. – Солай-ақ болсын, бірақ барлығына ескертілді, барлық коммуналдық қызметтердің жұмысы өз ретімен жүріп жатыр. Тфай-тфай, көз тимесін, – деді қала басшысы.

Әкім жылу электр орталығының тұрақты жұмыс істеп тұрғандығын айтты.

Жылу электр орталығы тұрақты жұмыс істеп тұр, су бар, бірақ кеше оңтүстік-шығыстың бір жерінде электр жарығынан ақау шықты. Бір-екі сағат Орбита, Сатыбалдина, Строителей, Мұқанова, Карбышева аумағында электр қуаты болмай қалды. «Қарағанды Жарық»-тың жігіттері жедел жұмыс істеді. Неліктен бұлай болды? Барлық жылытқыштар қосылғандықтан және электр желілерінде үлкен жүктеме болды, - деді әкім.

Сондықтан әкім қарағандылықтарды үйдегі ауа температурасы 21-22 градусты көрсететін болса жылытқышты қоспауға шақырды.

Бірақ мен тағы бір рет түсіндіргім келеді, егер үйде 21-22 градус болса, бұл қалыпты жағдай, сізге жылытқышты қосудың қажеті жоқ. Мұны не үшін қазір айтып отырмын, мен түсіндіремін: желілерде жүктеме болған кезде электр жарығы өшеді, соған сәйкес сорғы станциялары жұмысын тоқтатады, соның салдарынан бүкіл үй жылусыз және сусыз қалады. Сосын тон киеміз. Тағдыр мен желілерді сынап көрмейік! – деді әкім қала тұрғындарына. – Сондықтан үлкен мәселелер туындамас үшін аздап шыдамдылық танытып, желімізге салмақ түсірмеуіңізді сұраймын. Барлық коммуналдық қызметкерлерге алғыс айтамын. Бас синоптик ретінде айтарым – жақында көктем! – деп түйіндеген әкім жазба соңын.

Ал шаһар басшысын «бас синоптик» деп атаған қала тұрғындарының басым көпшілігі әкімнің жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар, әкімнің ашықтығын, халықпен жиі байланыс жасайтынын жазып, жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы