Бас санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында үш және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналаудан өтуі керек.
КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.
КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
1) медицина қызметкерлері;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
3) күш құрылымдарының қызметкерлері;
4) педагогтар;
5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
6) 50 жастан асқан адамдар.».
Қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы мәтінімен толық мына арадан танысуға болады
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы