Бас санитардың жаңа қаулысы: ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа құжатқа сәйкес, «ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 59 қаулысына өзгеріс енгізіліп, анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеу туралы жазылған. 

Одан бөлек, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №67 қаулысының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылады.

Карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды. Ал карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды, - делінген құжатта.

Сондай-ақ, қаулыда егу бригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға күнделікті жүктемені 300 екпеден асырмау қажеттілігі айтылған.

Бұл ретте, 1 егу бригадасының құрамына: 1 дәрігер, 1 егу мейірбикесі және қажет болған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: 1 фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), 1 егу мейірбикесі, қажет болған жағдайда 1 тіркеуші бар егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі, - делінген қаулыда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы