Бас санитар қаулысы: Енді вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізбеуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша міндетті вакцинациялаудан өтуі тиіс ұйымдардың тізімі бекітілді.
Жаңа қаулы бойынша мына нысандардың қызметкерлері вакцина алмаса, жұмыс істеуіне шектеу қойылады:
- базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
- музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;
- қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар;
- әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
- санаторийлер, демалыс үйлері, базалары, аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар;
- қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілерд, стрит-фудтар;
- қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары;
- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;
- дәріхана ұйымдары;
- сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу ұйымдары, авариялық-құтқару қызметтері, пәтер иелері кооперативтері және мүлік иелерінің бірлестіктері;
- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
- компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар;
- байланыс және телекоммуникация объектілері.
Сонымен қатар Қиясаотың жариялаған қаулысында вакцинациядан өтпеген жұмыскерлері ПТР-тестілеуден өткізуге міндетті нысандар тізімі көрсетілді.
Атап айтсақ, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер.
Бұдан бөлек «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілді:
- Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасы азаматтарының паспорттары/сертификаттары/анықтамалары ҚР аумағында жарамды деп танылады.
- QazCovid-in вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι сыныптағы түссіз шыныдан жасалған құтыда болады.
Ішінде вакцинасы бар көп дозалы құтыны ашу вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 (құтының көлеміне сәйкес) әлеуетті егілетін адам болған кезде ұсынылады.
Инемен тесілген орнын спиртпен өңдеп, вакцина дозасын алғаннан кейін ішінде вакцинасы бар ашылған құтыны бірден құтыда ашылған уақытын көрсете отырып, температурасы плюс 2-ден плюс 8ºС-қа дейінгі тоңазытқышқа орналастырады. Бұл ретте вакцинаның ашылған құтысын 4 сағатқа дейін сақтауға жол беріледі.
Қаулының толық нұсқасымен танысу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз.