Бас санитардың болжамы Біртановтан асып түсті: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны алдағы айда қаншаға дейін жетуі мүмкін екенін айтты.
Қазіргі кезде республикада коронавирустың шарықтау шегі басталды. Науқастардың саны күн сайын 8%-ға өсіп отыр. Болжам бойынша, дерттің өршуін, шарықтау шегі мен төмендеуін наурыз, сәуір және мамыр айларында өткереміз. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін 2 700-дей адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Мамыр айының соңына дейін 4 мыңға жуық адам індетке шалдығуы ықтимал, - деді Айжан Есмағамбетова.Бас санитардың сөзіне қарағанда, бүгінде денсаулық сақтау министрлігі күн сайынғы статистиканы 5%-ға дейін төмендетуді көздейді. Одан кейін ауруға шалдығу көрсеткішін 1%-ға түсіру керек. Ал жергілікті жерде науқастардың тіркелуі тоқтағанда жағдай тұрақталады.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус шарықтау шегіне жеткенде науқастардың саны 3 500 адамнан аспауы ықтимал деп айтқан.
22 сәуір сағат 18:30-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 2070 науқас бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлеуметтік топтама үлкен көмек болды – көпбалалы ана
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы