Бас санитар: Менің жалақым өскен жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.
Эфир кезінде Айжан Есмағамбетова журналистерден келген "Эпидемия кезінде бас санитарлық дәрігерлердің (өңірлерді қоса алғанда) жалақысы артты ма?" деген сауалға жауап берді.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қауіп дәрежесіне сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мамандарына еңбекақыға 5 айлық есептік көрсеткіштен бастап үстемақы төлеу қарастырылған. Өңірлердегі дәрігерлер тиісті төлемдерін алды. Менің айлығым өскен жоқ, - деді ол.
Айта кетейік, мұның алдында бас санитар елімізде күніне 26 мыңға жуық тест жасалып жатқанын және спорттық нысандардың қашан ашылатынын айтқан болатын. Ол сондай-ақ, БАҚ-ның жеті қызметкерінен коронавирус анықталғанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда фитнес-клубтар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Келесі жаңалық
Түркістанда жоғалып кеткен балықшылар табылды
Өзгелердің жаңалығы