Бас санитар атыраулықтарға «Ауызашар» өткізуге тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті «Рамазан» айы кезеңінде бірге тұратын бір отбасы мүшелері арасындағы «Ауызашарды» қоспағанда, ұжымдық іс-шара «Ауызашар» өткізуге тыйым салынады делінген өңірлік бас санитардың қаулысында.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Танауовтың 2021 жылғы 26 наурыздағы №5 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді.
- ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, барлық түрдегі ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), алаңдарда, парктерде, скверлерде, жағалауларда балалар мен ересектерге арналған жылжымалы ойын құралдарын жалға беруге, уақытша шағын бөлшек саудаға, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметіне;
- қоғамдық тамақтану объектілеріне күн сайын сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, толтырылуы 50%-ға дейін, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп), жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салумен, фудкорттар тек жеткізу және әкетумен сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі;- сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер) тек қаңа жұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.
- қасиетті «Рамазан» айы кезеңінде бірге тұратын бір отбасы мүшелері арасындағы «Ауызашарды» қоспағанда, ұжымдық іс-шара «Ауызашар» өткізуге тыйым салынады.
Айта кетейік, аталған қаулы 2021 жылғы 7 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.