Бас санитар Астанада қандай инфекциялардың өршіп тұрғанын айтты
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенованың айтуынша, биыл 6 айдың есебі бойынша Астанада инфекциялық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Санитариялық қызмет тұрақты негізде жүргізетін жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында 8 нозология бойынша жағдайлардың төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді, мысалы: сальмонеллез 42%-ға, жедел ішек инфекциясы 5%-ға, скарлатина 56%-ға, бактериялық менингит 36%-ға, серозды менингит 14%-ға, желшешек 40%-ға, энтеробиоз 24%-ға және педикулез 44%-ға төмендеді, - деді ол.
Бейсенованың айтуына қарағанда, бүгінгі таңда тырысқақ, іш сүзегі, ботулизм, қызамық, дифтерия, листериоз, сібір жарасы, қышыма және т. б. сияқты жұқпалы аурулар тіркелмеген.
Сонымен қатар 4 аурудың көрсеткіштерін өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейі сияқты ұстап қала алдық, олар: туберкулез, эпидпаротит, В және С гепатиттері. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, 6 инфекция бойынша аурудың өсуі байқалады, олар: вирустық А гепатиті 88% - ға, менингококк инфекциясы 84% - ға, тұмау 20 есе, ЖРВИ 4 есе, қызылша 117 жағдайға және дизентерия 6 жағдайға өсті, - деді Сарқыт Бейсенова Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.