Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Жандос Өмірәлиев 1978 жылы туған.

Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы:

2000 жылы аудан прокурорының көмекшісі.

2010-2011 жылдары бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі — Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы болды.

2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары — Бас прокуратураның кадрларды дамыту басқармасының бастығы.

2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.

2022 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы