Бас прокурор маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов орман өртіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокурордың айтуынша, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым биыл өте ыстық жаз болады деп отыр.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы бойынша биылғы жаз өте ыстық болады. Орман өрттерінің шығу қаупі жоғары. Менің тапсырмам бойынша ықтимал қауіптің алдын алу үшін облыс прокурорлары барлық қызметтердің өрт маусымы дайындығына талдау жүргізетін болады, - деп жазды Берік Асылов Twitter парақшасында. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы