Бас прокурор мәлімдеме жасады

Бас прокуроры Берік Асылов жасөспірімдердің жаппай суициді бойынша жүргізіліп тергеу барысын баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның мәліметінше, интернетте суицидті насихаттауға қатысты прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу шараларын бастады.

Қылмыстық істерді тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу мазмұнындағы бірнеше Telegram-арналардың әкімшілері мен оған қатысушылар тексерілетін болады. Қажетті тергеу амалдары жүргіземіз, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз, - деп жазды Асылов Х желісінде.

2024 жылы 3 қазанда Алматы қалалық прокуратурасы суицидтік бағытта бұйрық беретін Telegram-арнаның анықталғанын хабарлады. 6 қазанда Бас прокурор Берік Асылов күмәнді сайттарды тексеріп, балалардың орнына қаскөйлермен ойнап көргендерін айтты.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы