Бүгiн 2026, 17:45 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бас прокурор бір сотталушыны асырауға жылына қанша миллион жұмсалатынын айтты

Қазақстанда бір сотталушыны асырауға жылына қанша миллион жұмсалатыны белгілі болды.

Бас прокурор Берік Асылов қылмыстық-атқару жүйесінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі отырыста бір сотталушыны асырауға жылына қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ

Асыловтың айтуынша, бір сотталушыны асырау бюджетке жылына үш миллион теңгеге дейін шығын әкеледі. Бұл ретте 30 мың сотталушының әрбір үшіншісі бұған дейін де жазасын өтегендер.

Бүгінде 30 мың сотталғанның әрбір үшіншісі бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген. Өз кезегінде бір сотталғанды ұстауға мемлекеттен жылына 3 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Халықаралық тәжірибені ескерсек,оларды еңбекпен қамту және табысты әлеуметтік бейімдеу неғұрлым тиімді, - деді Бас прокурор Берік Асылов.

Осыған байланысты Бас прокуратура заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.