Бас прокуратураның жанынан активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады
Заңсыз иемденілген активтерді елге қайтару ісімен айналысатын Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республикалық мемлекеттік мекеме ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылсын. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп комитеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдасын. Заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі мен дербес құрамы бекітілсін, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Президент Жарлығының жобасында.
Еске салайық, 12 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін республиканың 4 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы