Бас прокуратураның мәлімдемесі кезінде полицияның қару қолдануы мен 3 снайпердің іздестірілуі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Атырау облысында қылмыскерлер полиция қызметкерлері мен әскерилерге зорлық-зомбылық көрсету арқылы әкімдік ғимаратын қиратты. Полиция қызметкерлерінің көпшілігі ауыр дене жарақтын алса да, соңына дейін қару қолданбады. Бірнеше рет ауаға атып, адам өміріне қауіп төнген соң, полиция қару қолданды. Салдарынан бір шабуылдаушы қаза болды. Арнайы прокурорлар жүргізген сот-молекулярлық сараптама нәтижелері бойынша Алматы қаласында қаза болған снайпердің жеке басы анықталды, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, барлығы 4 оқ атушы болды. 

Қаза тапқанның денесін жақтастары өздерімен бірге алып, қалалық аурухана маңында қалдырып кеткен. Кейін ол қалалық мәйітханада анықталды. Ол С.  есімді азамат болып шықты. Қайғылы қаңтар кезінде ол тұрғын үйдің үстіне орналасып, полиция департаменті ғимаратына оқ атқан болатын. Қалған 3 снайпер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы