Бас прокуратурада БҰҰ делегациясымен кездесу өтті
Бас прокуратураның Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы Сүйіндіков БҰҰ-ның Қазақстандағы Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының ұлттық өкілдігінің басшысы И.Ж. Биляловамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, оның ішінде ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.
И.Ж. Билялова қадағалау органы мен БҰҰ БЖКБ арасындағы босқындардың, сондай-ақ Қазақстанда пана іздеп жүрген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелерінде тұрақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Н.М. Сүйіндіков прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуеті туралы айтып, ынтымақтастықты нығайтуға дайындығын растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты аталған бағытта жалғастыру туралы уағдаласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанға ерекше мәртебе беріледі
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы