Бас прокуратура Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағыоқиғаларға байланысты қылмыстықістерді тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдықөкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін(ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізукодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істерэкс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды, - делінген хабарламада.

Қылмыстық істе мемлекеттікқұпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгітергеп-тексерудің басқа деректері жарияетуге жатпайды.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы