Бас прокуратура Талғардағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Талғардағы Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне байланысты Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды, - делінген мәлімдемеде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы