Бас прокуратура тағы бір тексеруді аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура аккредиттеу мен сертификаттау саласындағы тексеруді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Бас прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізге әкелінетін тауарларды аккредиттеу мен сертификаттау саласындағы тексеруді аяқтады. Аккредиттеу саласындағы тексерулер ұлттық аккредиттеу орталығы мен 46 жеке зерттеу зертханасының қызметін қамтыды. 15 мыңнан астам заңсыз сертификат 1700 декларация анықталды. Оларды пайдалану арқылы республикаға 11 млрд теңгеге 600 мың түрлі тауар әкелгені анықталды. Сертификаттар өнімнің сапасын дайындаушы зауыттарға шығуынсыз, сондай-ақ тексерілмеген аспаптарды пайдалана отырып жалған құжаттардың негізінде берілгені анықталды, - делінген хабарламада.Бас прокуратураның қадағалау актісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 27 аккредиттеу субъектісі және жалпы сомасы 22,3 млн теңге айыппұл өнідіріп алумен 54 сарапшы аудитор тартылған.
Олардың қызметі 6 айға тоқталды.
Жалған құжатты қолдан жасау, дайындау немесе өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі 8 тергеу ісі жүргізілуде. Бұдан басқа, сауда орындарында балалар ойыншықтарын бақылау арқылы сатып алу жүзеге асырылды. Құны 2 млн теңге болатын 3 мыңнан астам тауар тәркіленген. Олардың барлығы зертханалық сынақтарсыз сатылды. Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы бойынша денсаулыққа өте қауіпті. Алынған ойыншықтар жойылған, - деп хабарлады Бас прокуратурада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кез келген індетті жоюға қауқарымыз жетеді - Гүлжамал Қазақбаева
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы