Бас Прокуратура шабуылшылар әкімдіктерді қалай басып алғанын айтты

Мәжілістің жалпы отырысында Бас Прокурор Берік Асылов шабуылшылар әкімдіктерді қалай басып алғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда арнайы көрші облыстардан адамдар толып келе бастады. Кейін жағдай одан сайын ушыға түсті. Тек 5 қаңтардың өзінде 8 өңірде әкімдіктерге шабуыл жасала бастады. Тәртіпсіздікке қатысушылар үшін олардың бірінші кезектегі объектісі осы болды. Биліктің символы ретінде басып алғылары келді. 5 қаңтарға қараған күні шабуылшылар Алматы әкімдігіне басып кірді. 1 сағаттан кейін Шымкенттегі әкімдік ғимаратына шабуыл жасалды. Сол күні сағат 15.00 шамасында қылмыскерлер Атырау  мен Қызылорда облыстарының әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасады, - деп айтты Асылов.

Сөзінше, Алматыда шабуылшылар әкімдікті өртеп, президент резиденциясына қарай бағыт алды. Аңшылық дүкендері тоналды.

Кейін олар қару-жарақты алаңға жеткізіп, митингке қатысушыларға тарата бастады. Алматы полиция департаменті мен бөлімдеріне шабуыл жасалды. Олардың мақсаты – қару-жарақ бөлмелері болған, - дейді Бас Прокурор.

Асылов атағандай, құқық бұзушылар Жамбыл әкімдігін басып алды. Одан бөлек, 5 қаңтар күні Алматы мен Ақтөбе қалаларының әуежайларын бір уақытта басып алды. Яғни ең қауіпті жағдай Оңтүстік астанада болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы