Бас прокуратура: Құрылтай сайлауында дауыс беру тыныш жағдайда өтті
Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында жеті азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары тарапынан заң бұзушылықтар тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейсов ОКҚ алаңындағы брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, соттарға сайлауға қатысты арыздар түспеген, прокуратура органдары да тиісті өтініштерді қарамаған.
Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында жеті азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Дауыс беру процесі аяқталғанға дейін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар қысқартылған тәртіппен жеті азаматты айыппұлға тартты. Олардың барлығы толтырылған бюллетеньдердің суреттерін таратуға байланысты жауапкершілікке тартылды. Бұл – заңсыз үгіт. Заң бұзушылар өз кінәсін мойындап, интернеттегі жазбаларын жойды», – деді Ерлан Жанпейсов.
Бас прокуратура өкілінің мәліметінше, бұдан басқа жауапкершілікке тарту фактілері тіркелмеген.