Бас прокуратура: Қожамжаровтың «Қорғас ісіне» қатысы бар

ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы сенатор, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің экс-төрағасы Қайрат Қожамжаровтың «Қорғас ісіне» қатысы барын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Kazinform агенттігі мәлімдеді. Қожамжаров кезде қаржы полициясы қылмыстық іс қозғап, құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкерін, кеденшілер мен кәсіпкерлерді жауапқа тартқан.

Еске сала кетейік, Алматы облысындағы кеден бекеттерінде аса ірі мөлшерде қаржы ұрлығы жайлы қаржы полициясы 2011 жылдың соңында мәлімдеген еді. Ол жерде 100-ден астам адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткен.

Бұл қылмыстық топтың жұмысына криминалдық құрылым өкілдерімен қатар, құқық қорғау органдарының кейбір лауазымды тұлғалары да қатысқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kazpravda.kz
Өзгелердің жаңалығы