Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасының тергеу нәтижелері бойынша жұмыстар жалғасып жатыр
Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, Бас прокуратура Қаңтар оқиғаларын тергеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Құқық қорғау органдары барлығы 5 мыңнан астам қылмыстық істерді тіркеді. Тергеу кезеңінде 4,5 мың сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша 131 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. Осы қылмыстарды жасағаны үшін 931 адам күдікті деп танылды, 96 адам қамауда, 471 адам сотталды, - деп нақтылады Бас прокуратураның өкілі.
Сонымен қатар ол тергеу барысында бүлік кезінде қандай құралдардың қолданылғанын атап өтті.
Тергеу барысында бейбіт азаматтар мен полицейлерге қатысты зорлық-зомбылық жасау үшін импровизацияланған құралдарды ұйымдастырылған тасымалдау жүзеге асырылғандығы анықталды. Мысалы: арматура, таяқтар, төсеніштер, тастар, Молотов коктейльдері, сондай-ақ ғимараттарды өртеу үшін автомобиль шиналары мен бензин жеткізілді, - деді Елдос Қилымжанов.