Бас прокуратура «Өзенмұнайгаз» АҚ тендерлерінің заңдылығын тексереді
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына орталық аппараттың неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері қатарынан құрылған жұмыс тобы келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына орталық аппараттың неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері қатарынан құрылған жұмыс тобы келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс тобының алдында «Өзенмұнайгаз» АҚ-да тендерлерді өткізу кезінде заңдылықтың сақталуы және ашықтықтың қамтамасыз етілуі мәселелерін зерделеу міндеті тұр. Мердігер ұйымдардың қызметкерлері бұл мәселені жиі көтеріп, оны еңбек жағдайларының нашарлауымен және жалақының төмендеуімен байланыстыратыны белгілі.
Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаржы-шаруашылық құжаттамасын және сатып алуларын ықтимал бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан талдайды. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының және жалпы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізілуде.
Талдаумен инженерлік инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт, туризм және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру салаларындағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ өңір үшін басқа да маңызды бағыттар қамтылуда. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері қоғамға жеткізілетін болады, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026
- Тауда адасқан туристерге арналған авариялық қор жәшіктері орнатылуда 15.08.2026