Бас прокуратура: Олеся Кексель үйқамаққа алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге азаптау ісі бойынша күдікті мәртебесі берілді. Бұл туралы Сенатта өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жуырда соттың санкциясымен оған екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – деп атап өтті Ғалымжан Қойгелдиев.
Еске салайық, Антикордың Тергеу департаменті басшысының орынбасары Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ол азаптау дерегі бойынша күдікті ретінде тергеліп жатқаны айтылды. Сондай-ақ 4 шілдеде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаевтың ұсталғаны белгілі болды. Ол да «Азаптау» бабымен күдікті ретінде танылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қалада сасық иіс": алматылықтар ауаның өткір иісіне шағымданды
Өзгелердің жаңалығы