Бас прокуратура Мухоряповқа қатысты түсініктеме берді

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жуырда қоғамда Рамиль Мухоряповтың сөзі талқыға түскені белгілі. Осыған қатысты журналистердің бірі Алматы прокуратурасына кәсіпкердің сөзінде Қылмыстық кодекстің 174-бабында қарастырылған «Әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілері бар ма?» деген сауал жолдаған болатын. Осыған қатысты Бас прокурордың орынбасары былай деді: 

Менің хабарым бойынша, қазіргі таңда Алматының Ішкі істер департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Сол тексеру аясында арнайы сот сараптамасы тағайындалды. Сол сот сараптамасының қорытындысы бойынша шешім тағайындалады. Сот сараптамасынан кейін ғана оның әрекеттеріне баға бере аламыз, - деді Әсет Шындалиев Сенат отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың ресейліктермен кездесуде айтқан сөзі қоғам талқысына түскен еді.  Мухоряпов қазақ тілінде жауап беру «мәдениеттің көрінісі емес екенін» айтып елді шулатты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы