Бас прокуратура: LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелді

Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып табылатын "City Transportation Systems" ЖШС-нің пайдасына қатысты сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүліктерді берді, оның ішінде:

  • 39 тұрғын емес үй-жай;
  • ауданы 12,8 га темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының жылжымайтын мүлікке қызмет көрсетудің нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскесі.

Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңгені құрады. Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік нысаны өндірілуде. Сонымен қатар, 2023 жылы сотталған "Оператор РОП" ЖШС қызметкерлерінен мемлекет пайдасына тәркіленген қаражаттан 1 млрд теңге көлемінде ақша өндіріліп алынды.Осылайша, қабылданған шаралар ағымдағы жылда мемлекет активтерін 1,9 млрд теңгеге толықтыруға мүмкіндік берді, - делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының прокуратурасы
Өзгелердің жаңалығы