Бас прокуратура Лондонда жүрген экс-әкім Бергей Рысқалиев жайлы түсінік берді

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда бірге түскен фотосы жарияланды. Бас прокуратура осы мәселеге қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев неге Лондонда арқаны кеңге жайып, бренд дүкендердің жанында фотоға түсіп жүр? Бас прокуратура оны іздестіріп жатыр ма? – деп сұрады журналистер Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен.

Оған сырттай шығарылған сот үкімі бар. Өкінішке қарай, қателеспесем бізде Лондонмен сотталғандар беру және алмасу туралы келісім жоқ. Біздің құқық қорғау органдары тиісті келісім болмаса, ештеңе істей алмайды, - деп түсіндірді ол.

2013 жылдың 5 ақпанында Атырау облысы және Атырау қаласының әкімі қызметін атқарған Бергей Рысқалиевке іздеу жарияланған. Оған Қылмыстық кодекстің 176-бабы бойынша көзделген қылмысты жасады және ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрды деген айып тағылды. 2019 жылдың 25 қаңтарында сырттай сот отырысы өтіп, ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы