Бас прокуратура Бақытгүл Хаменованың тойға неге барғанын айтты

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың тойға барғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Бақытгүл Хаменоваға үкімнің орындалуы кейінге қалдырылғанына қарамастан, қоғамдық іс-шараларға қатысуға тыйым салынбаған.

Иә, үкімнің орындалуы үш жылға шегерілген. Мұндай жағдайда адамға мұндай шараларға баруға тыйым салынбайды. Оның үстіне, ол пробация қызметінен арнайы рұқсат алған, – деді Қойгелдиев Сенаттың кулуарында.

Сонымен қатар ол 16 шілдеден бастап қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Енді егер әйел адамның кішкентай балалары болса, соттар үкімді өтеуді кейінге қалдыру шарасын міндетті түрде қолдануға тиіс. Бірақ бұл норма ауыр және аса ауыр қылмыстарға – терроризм, экстремизм, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу немесе балаларға қарсы қылмыстарға қатысты іске аспайды.

Еске салайық, бұған дейін желіде 7 жылға сотталған Бақытгүл Хаменованың тойда жүрген видеосы тарады.

Айта кетерлігі, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы