Бас онколог қатерлі ісік көрсеткішінің көбею себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова хабарлады. Оның айтуынша, былтыр елімізде онкологиялық ауруларға шалдығу деңгейі 9,3%-ға өршіген.

2020 жылы коронавирус пандемиясы салдарынан 6 айға жуық емханалар жабық болды. Пациенттер келе алмады. 2021 жылы бүкіл емханалық қызмет жұмыс істеген соң ауруды анықтау көрсеткіші көбейді. Мәселен, биыл 36140 жаңа жағдай тіркелді. Былтыр 32490 дерек анықталған еді. Көрсеткіштің өсуі емханалардың жұмысқа кірісуіне байланысты болып отыр, - деді бас онколог.

Сонымен қатар ол республикада ең көп тіркелетін қатерлі ісік түрлеріне тоқталды. 

Аурушаңдық құрылымы бойынша сүт безі обыры – ең көп анықталатын дерт болып отыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша республикада қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 190,3-ті құрады. Яғни 36 140 жағдай (2020 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 173,4, 32 490 жағдай), сырқаттанушылықтың 9,8%-ға өсуі байқалады, - деп атап өтті Диляра Қайдарова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы